2015 жылы Астанада 8 балабақша салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада соңғы жылдары тұрақты демографиялық өсім байқалып отыр. Қала тұрғындарының балабақшаларға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін Астана қаласының әкімдігі Құрылыс басқармасымен бірлесе жаңа мектепке дейінгі мекемелерді салу бағдарламасын қолға алды, деп хабарлады astana.kz.

Қазіргі кезде екі балабақшаның (480 орындық) құрылысы аяқталды, соның ішінде: 1. Алматы-Ақмешіт көшелерінің қиылысындағы 240 орындық балабақша; 2. Нәжімеденов, Мирзоян көшелерінің қиылысындағы 240 орындық балабақша. 2015 жылы пайдалануға беру жоспарланған тағы да 8 балабақша салынып жатыр, олар: 1. Түркістан-Орынбор - № 25 и №26 көшелерінің қиылысындағы 200 орындық балабақша. 2. Көктал-2 тұрғын алабында балаларды тәулік бойы қалдыруға болатын 240 орындық мамандандырылған санитарлық мектепке дейінгі мекеме; 3. Сығанақ көшесінің оңтүстігінде 240 орындық №1 балабақша. 4. Сығанақ көшесінің оңтүстігінде 240 орындық №2 балабақша. 5. Комсомольский тұрғын алабында Қыз Жібек және Баян сұлу көшелерінің қиылысындағы 280 орындық балабақша. 6. Комсомольский тұрғын алабында Қыз Жібек және Ұлпан тұйық көшесінің қиылысындағы 280 орындық балабақша. 7. №23 көше ауданында (Орынбор және №36 көшелердің арасында) 240 8. Үркер шағын ауданында 240 орындық балабақша.