АСТАНА. ҚазАқпарат - Шетелге шығар алдында борышкерлерге айыппұлдарды әуежайларда және вокзалдарда төлету мүмкіндігі жүзеге асырылмақ. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Әділет вице-министрі Бақытжан Әбдірайым мәлім етті.
Айта кетейік, қарызы бар немесе әкімшілік айппұлдарды төлемеген қазақстандықтар шетелге шыға алмайды. Бұл мәселені шешу үшін министрлік арнайы терминалдарды әуежайларда, теміржол және автокөлік вокзалдарында орнатуды ұсынып отыр.
«Яғни, қарызы бар азаматтарға электронды форматта айппұлдарды төлеуді қолжетімді етпекпіз. Менің ойымша, бұл қалыпты өркениетті тәжірибе және осы тәжірибені алдағы жылдан бастап енгізуді жоспарлап отырмыз», - деді министрдің орынбасары.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.