Атап айтқанда, 2015 жылдың желтоқсан айындағы жағдай мен 2014 жылдың желтоқсанына қарағанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары 15,8 пайызға, абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату - 9,8 пайызға, абаттандырылған тұрғын үйлерді сату 9,1 пайызға жоғарылаған. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі де 3,5 пайызға өсті.
Мәліметтерге қарағанда, тұрғын үй нарығындағы баға 2015 жылдың желтоқсан айында 1 шаршы метріне жаңа тұрғын үйлер бойынша 257 мың 644 теңгені құрады. Ал есепті кезеңде абаттандырылған тұрғын үйлер бағасы шаршы метріне 189 мың 998 теңге шамасында байқалған. Абаттандырылмаған тұрғын үйлер бағасы есепті кезеңде шаршы метріне 111 мың 398 теңге болды.