«Біз ТМД мемлекеттеріндегі пневмококк инфекциясына қарсы егуді бастаған ең бірінші елміз және 2015 жылы елдегі барлық балалар егілетін болады», - деді ол.
М.Ембергенованың айтуынша, осындай шаралардың нәтижесінде балалар арасында пневмонияға шалдығу - 50, ал одан болатын өлім-жітім 20 пайызға төмендейтін болады.
Министрлік мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан балаларды тегін вакциналаумен қамтамасыз ететін мемлекет мәртебесіне ие. Еліміздегі балалардың 97,5 пайызы түрлі ауруларға қарсы екпе алады. Соңғы 7 жылда вакцина сатып алуға бөлінетін шығыстар 1 млрд.-тан 12 млрд. теңгеге дейін өсіп отыр.
«Балалар арасында қызамық - 291, гепатит - 135, дифтерия - 100, қызылша - 25, көкжөтел ауруы - 20 есе төмендеді», - деді департамент директоры.