Сонымен, ведомство ақпаратына сәйкес, 2015 жылы жалпы білім беретін 4 мектептің (4 700 орынға арналған) құрылысы аяқталды. Оның ішінде «Батығай» ТК ауданындағы 1200 орындық мектеп, №26, №37, №38 және Хусейн бен Талал көшелерінің орамындағы 1200 орындық мектеп, Байтұрсынов көшесі бойындағы 1200 орындық мектеп және Сейфуллин көшесінен оңтүстікке қарай орналасқан 1100 орындық мектеп бар.
Құрылысы толық аяқталған 9 балабақша мыналар: Айнакөл және Мирзоян көшелерінің қиылысы ауданындағы 240 орындық балабақша, Түркістан-Орынбор-№25 және №26 көшелерінің қиылысы ауданындағы 200 орындық балабақша, Сауран және №24 көшелерінің қиылысы ауданындағы 240 орындық балабақша, Сығанақ көшесінен оңтүстікке қарай 240 орындық №1 балабақша, №23 көшесі ауданындағы (Орынбор және №36 көшелерінің аралығында) 240 орындық балабақша, Сығанақ көшесінен оңтүстікке қарай 240 орындық №2 балабақша, Қыз-Жібек және Баян-сұлу көшелерінің қиылысындағы Комсомольский тұрғын алабындағы 280 орындық балабақша, Үркер шағын ауданындағы 240 орындық балабақша, Қыз-Жібек көшесі мен Ұлпан тұйық көшесінің қиылысындағы Комсомольский тұрғын алабындағы 280 орындық балабақша.
Денсаулық сақтау нысандарын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2015 жылы 5 денсаулық сақтау объектісінің құрылысы аяқталды. Атап айтқанда, Сол жағалаудағы амбулаторлық-емханалық кешен (ауысымына 350 келушіге арналған ересектер емханасы, ауысымына 150 келушіге арналған балалар емханасы бар), Ильинка тұрғын алабындағы 150 келушілге арналған АМСК орталығы, Қолданыстағы онкодиспансеріне арналған желілік үдеткіш қондырғысының қосымша құрылысы, Қабанбай батыр даңғылы мен №30 көшесі бойындағы 250 төсекті қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы, Ауысымына 150 келушіге арналған емханасы бар 250 төсекті медициналық-әлеуметтік оңалту орталығы пайдалануға берілді.
«Астана қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекетттік мекемесі коммуналдық меншік нысандарының құрылысын жобалау және салу бойынша тапсырыс берушінің міндетін атқарады. дамытудың 10 бюджеттік бағдарламасының және 3 ағымдағы бағдарламаның әкімшісі болып табылады, инвестициялық жобаларды жүзе асырады.