"2015-2019 жылдарға арналған гео-барлау жұмыстарының бағдарламасы аясында биыл 42 жерде қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысандардың жалпы көлемі 135 мың шаршы метрді құраса, осы жерлердегі барлау жұмыстарына бөлінген қаржы 6 млрд теңгені құрайды. Жалпы, 2015 жылы геологиялық барлау жұмыстарына 11 млрд. теңге қарастырылған", - деп хабарлады Б.Нұрабаева.
Комитет төрағасы хабарлағандай, осы 42 участок конкурста сатуға шығарылады. Оның айтуынша, барлау жұмыстары 2016 жылы аяқталады.