2015 жылы М.Әуезовтің «Абай жолы» романы бойынша түсірілген «Абай әндері» көркем фильмінің экранға шыққанына 70 жыл толады, деп хабарлады «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі. Картинаның режисерлері - Григорий Рошаль мен Ефим Арон.
Бірден үш фильмнің 60 жылдығы аталып өтпек: Павел Боголюбовтың «Шабандоз қыз» музыкалық комедиясы, Сұлтан Қожықовтың режиссерлік дебюті - қысқа метражды «Ана мен бала» фильмі және Мәжит Бегалиннің «Бұл Шұғылада болған еді» картинасы.
Шәкен Аймановтың «Бір ауданда» көркем фильміне биыл 55 жыл толады. Даңқты кинорежиссердің тағы бір фильмі «Атаманнның ақырына» да 55 жыл толады.
Сондай-ақ Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» кинолентасына - 45 жыл.
Шәріп Бейсембаевтың «Гауһартас» көркем картинасына 40 жыл, белгілі театр және кино режиссері Әзірбайжан Мәмбетовтің «Жаушы» фильміне - 35 жыл, Болот Шамшиевтің «Мергендер» әскери драмасына - 30 жыл толмақ.
Сондай-ақ Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» өндірісінің мына фильмдері алғашқы бес жылдықтарын атап өтпек: «Сіз кімсіз, Ка мырза?» (режиссер Қуат Ахметов), «Рывок» (режиссерлер Қанағат Мұстафин, Ерлан Нұрмұхамбетов, Ержан Рүстембеков), «Махаббат тәлкегі» (режиссерлері Александр Черняев пен Ержан Рүстембеков) және «Қызыл қоян туралы аңыз» (режиссер Фархат Шәріпов.