«2015 жылы мұнай өндіру 80,5 млн. тонна деңгейінде жоспарланып отыр. Мұнайды өңдеу 14,3 млн. тонна көлемінде болжануда. Ал мұнай экспорты 60 млн. тонна деңгейінде белгіленді»,-деді вице-министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде осы ведомствоның басшысы Владимир Школьник 2014 жылы Қазақстан 62,4 млн. тонна мұнай экспортталғанын айтқан болатын.
«Өткен жылы мұнай экспортының көлемі 62,4 млн. тоннаны құрады, оның ішінде 35 млн. тоннасы Каспий құбыр желісі консорциумы құбырының негізгі экспорттық жүйесі бойынша»,- деген болатын ведомство басшысы.