Мәліметтерге қарағанда, ҚДБ былтыр 42 жобаны қаржыландыруды жүзеге асырған.
«Жыл қорытындысы аясындағы қаржылық нәтижелерге келсек, тұтастай алғанда оң бағалауға болады. Мәселен, таза шоғырланған табыс - 7,9 млрд теңгені құрады, бұл алдын ала белгілі мәліметтер, нақты қорытынды аудит нәтижесінде белгілі болады. Таза табыс жалпы сомасы 47,7 млрд теңгені құрайтын бес жобаның талаптарын құрылымдау нәтижесінде қамтамасыз етілді», - деді Б.Жәмішев.
Оның айтуынша, аталған бес жоба валюталық түсімдерден тұрады. Сондықтан да, валюталық бағам өзгерістеріне орай жобаларға қатысты талаптар шетелдік валютадан ұлттық валютаға алмастырылған. Тұтастай алғанда, бұндай қадам қаржылық нәтижелерде оң жетістіктерді қамтыған.