«Өткен жылы «Бір белдеу, бір жол» стратегиясын толық көлемде іске асыру кезеңі басталды. ҚХР Коммерция министрлігінің статистикасы бойынша, 2015 жылы қытайлық кәсіпорындардың «бір белдеу, бір жол» бойында орналасқан 49 елдегі инвестициялары 14,82 млрд. долларды құраған, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 18,2 пайызға көп. Негізінен инвестициялар Сингапур, Қазақстан, Лаос, Инлонезия және Ресейге бағытталды», - деп жазады басылым. Сондай-ақ бұл тізімге Таиланд та кірді.
Еске сала кетейік, өндірістік қуаттылықтарды дамыту контекстінде ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцяннің Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының (БХӨЖ) ашылуында үкімет жұмысы туралы оқыған баяндамасында Қазақстан аталды.