2015 жылы Қазақстан оқушылары халықаралық олимпиадаларда 276 алтын жүлде еншіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы қазақстандық оқушылар жалпы білім беретін пәндерден халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарынан 1300- ден астам медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҚР БҒМ «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығынан хабарлады.

Атап айтсақ, дарынды оқушыларымыз  30- ға жуық  халықаралық білім додасына қатысып, 276 алтын, 384 күміс, 629 қола медаль, 20 грамота иеленді.  Жүлделердің жалпы жиынтығы 1309-дан асады.  «Биылғы оқу жылынан да үміт көп. Алматыда Наурыз айының  басында оқушылар арасында Ө. Жолдасбеков атындағы математика мен механикадан халықаралық зерттеулер жобасының байқауы өтеді.

Сондай-ақ 14-19 наурыз аралығында  Көшетау қаласында  математикалық бағыттағы республикалық олимпиада және 23-24 наурызда әл-Фараби атындағы республикалық  олимпиада өтеді», - дейді орталық мамандары.