«Бiз жергiлiктi органдармен бiрлесе отырып, биыл қаңтар-сәуiр айлары аралығында Ұлы Отан соғысы ардагерлерiне 82 пәтер бердiк. «Нұр Отан» партиясының жақында өткен жиындарының бiрiнде Қазақстанда пәтер кезегiнде 104 ардагер тұр деген ақпарат айтылды және жергiлiктi билiк басшылары мен әкiмдiктер осы ардагерлерге пәтер беруге уәде еткен болатын. Сол 104 ардагердiң 82-сi баспаналы болды деуге болады. Менiң ойымша, 9 мамырға дейiн әкiмдер қалған ардагерлердi баспанамен қамтамасыз етедi», - деді ол.
Оның айтуынша, оған қоса жүздеген ардагерлердiң үйлерiне жөндеу жұмыстары жасалды.