«Біз мұнай-газ кен орындарын барлауға қатысты ғылыми-зерттеу орталығын құру жұмысына ден қойып отырмыз. Нақтылап оған тоқталмай-ақ қояйын, дегенмен маңызды мәселе - 2015 жылы Қазақстандағы барлық мұнай-газ кен орындарынан шикізат алу мүмкіндіктеріне қатысты салмақты сараптамалық зерттеу жүргізу қажет. Бұл ретте алдыңғы қатарлы әдістер мен технологиялар жайы да сараланатын болады», - дейді В. Школьник.
Министрдің сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы мұнай-газ саласындағы өндіруші сектордың ғылыми-техникалық базасын дамытудың «Жол картасы» жүзеге аса бастаған. Онда мұнай алуды арттырудың көлемін өсіруді оңтайландыру, геологиялық-ақпараттық барлау жүйесін дамыту, ұңғымаларды мониторингілеу шаралары қамтылып отыр.
«Шелл» мен «Exxon Mobil» компаниялары «ҚазМұнайГаз» компаниясымен бірлесе отырып, геохимиялық зертхана құру жұмыстарын бастады. Бұдан бөлек, кен орындарын игеру үшін дұрыс орналасу мен «энергия алу үшін энергияны аздап жұмсау» қағидаларына сай жұмыстар атқарылатын болады», - деді В. Школьник.