2015 жылы Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдермен саудасы 995,5 млрд долларға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы Қытай «Бір белдеу, бір жол» жобасының бойындағы елдермен 995,5 млрд долларға сауда жасасты. Бұл елдің жалпы сыртқы саудасының 25,1%-ын құрады.

Еске сала кетсек, ҚХР-дың «Бір белдеу - бір жол» сыртқы экономикалық саясаты жобасын жүзеге асырудың негізгі басымдықтары болып көлік инфрақұрылымы құрылысы, инвестициялар және сауда, қаржылық өзара іс-қимыл және мәдени алмасулар аталды.

Қытай Сауда министрлігінің баспасөз хатшысы Шын Дан Янның айтуынша: 2015 жылы еліміздің «Бір белдеу, бір жол» бойындағы қатысты елдермен жасасқан екі жақты саудасының жалпы сомасы 995,5 млрд АҚШ долларына жетіп, бүкіл ел саудасынің жалпы мөлшерінің 25,1 пайызын құрады.  

Өткен жылы наурызда ҚХР Сауда министрлігі Даму және реформа комитетімен, Сыртқы істер министрлігімен бірге «Жібек жолын және 21 - Ғасырдағы теңіз үсті Жібек жолын бірге көркейту перспективасы мен іске асыру жоспарын» жариялаған болатын.

Бір жылдан астам уақыттан бері ҚХР Сауда министрлігі орталықтың біртұтас орналастыруы бойынша, екі жақты сауда байланыс комитеті, құрама комитет сияқты құрылымдарын толық пайдаланып, шетелдерде тұратын экономика - сауда құрылымдарының рөлін дамытып, ынтымақтас мемлекеттермен импорт әжне экспортты күшейтті.