«Назарбаев Университетінің еншілес компаниясы болып табылатын холдингтің алдында 2015 жылы әлемдік стандарттар бойынша медициналық мектеп ашу тапсырмасы тұр. Онда білім беру толығымен ағылшын тілінде жүргізіледі», - деді Ә. Кеннет.
Оның айтуынша, сонымен қатар, медициналық холдинг базасында онкологиялық орталық ашу туралы жоспар да бар. «Бүгінде бас миының ісіктері, ортақ онкология және балаларға арналған бөлімшелер ашылған.
Сондай-ақ, онкохирургия бөлімдері де жабдықталып жатыр. Орталықтың болашағы үшін біз заманауи технологияларды бүгіннің өзінде қалыптастырып, жеке де, серіктестермен де жұмыс жасаудамыз», - деп атап өтті басқарма төрағасы.