«Бізде қазіргі күні экономиканың оптимистік сценариі бар, бұл негізінен әлемдік мұнай бағасының барреліне 90 доллардан болатын шамамен есептелген. Базалық сценарий - бұл мұнайдың бағасын 80 доллармен қарастырады. Сонымен қатар мұнай баррелі 70 долларға дейін төмендеуі ықтимал жағдайды қарастыратын пессимистік сценарий де бар. Дегенмен, қандай жағдай болмасын, біз келер жылы ІЖӨ өсімін 4,8 пайыздан кем болмайды деп болжаймыз», - деді Мәдина Әбілқасымова.
Оның айтуынша, келер жылға республикалық бюджет жобасы базалық сценариймен, яғни мұнайға әлемдік баға 80 доллар шамасында есептеліп отыр. Сосын 2016-2017 жылдарға мұнай бағасы 90 долларға дейін көтерілетіні күтіледі.
«Ал ағымдағы жылға келсек, 2014 жылы ІЖӨ нақты өсімі 4,3 пайызға күтіледі, бұл бұрын болжанған көрсеткіштен 1,7 пайызға төмен», - деді вице-министр.