Сонымен, ҚР АШМ мәліметінше, жыл басынан бастап, тексеру қорытындысы бойынша ветеринарлық инспекторлармен 3 млн теңге көлемінде 70 айыппұл салынды. Оның ішінде ілеспе ветеринариялық құжаттары жоқ, шыққан орны көрсетілмеген және автокөлікпен тасымалдаған кезде ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтамау бұзушылықтары орын алған.
«2015 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін лабораториялық зерттеулер негізінде сальмонеллез ауруы анықталған 98 тонна құс еті тәркіленіп, жойылды. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің инспекторлары «Нұрдаулет», «Алем», «Астаналық базары» сауда үйлерінен ветеринариялық құжатсыз 60 кг-ден аса құс етін тәркіледі. Польша және Германия елдерінен әкелінген 32 666,46 тонна сиыр бауырынан Listeria monocytogenes және ішек таяқшаларының бактериялары анықталды», - делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасының мемлекеттіқ басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шараларына сай ветеринария саласындағы функциялардың барлығы жергілікті атқарушы органдардың қарамағына берілді. Жалпы Астана қаласы бойынша 14 ішкі сауда объектісі бар.
«Барлық ішкі сауда орындарында ветеринариялық мамандар бекітілген. Олар бақылауға жатқызылған жүктерге, мемлекеттік ветеринариялық бақылау жүргізіп, арнайы ветеринариялық ілеспе құжаттарын береді, жануарларды тексереді, шикізат өнімдерін және басқа да өнімдерді бақылайды. Барлық базарларда мал өнімдеріне сараптама жүргізетін арнайы лицензиясы бар ветеринарлық-санитарлық зертханалар қызмет етеді», - делінген хабарламада.