2015 жылы СҚО-да дүниеге ер балалар көп келуде (ФОТО)

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері дүниеге 2 005 нәресте келсе, соның ішінде 1 023-і - ұл балалар.

Статистика департаментінің баспасөз хатшысы Сәния Жақыпованың ақпаратынша, 2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында облыста 2 005 нәресте дүние есігін ашты. Олардың арасында 1 023-і ұл, 982-сі - қыз балалар. Барлық нәрестелердің 894-і (41,6 пайыз) облыс орталығында дүниеге келді. Облыс бойынша бала туу деңгейі Жамбыл ауданында (тұрғындардың 1000 басына шаққанда 9,9 сәби) төмен болып отыр.

Сәбилер өлімінің деңгейі туылған 1000 балаға шаққанда бір жасқа дейінгі 6,5 қайтыс болған баланы құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда төмен (21,3).