«Өткен жылы әкімшілендірудің сапасын және нәтижелілігін арттыру, әкімшілік тосқауылдарды жою, оның ішінде кедендік операция жасасу мерзімдерін қысқарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілді. 2015 жылы қаңтар-желтоқсанда тауарларды кедендік өңдеудің орташа «таза» уақыты импорт кезінде 1 сағат 48 минутты, экспорт кезінде 41 минутты құрады», - деді мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы А. Тынысбеков.
Жамбыл облысы МКД деректеріне сәйкес 2015 жылы сыртқы экономикалық қызметтің 1 018 қатысушыларына кедендік ресімдеу жүргізілді, тауарларға 6 996 декларация шығарылды.
«Департамент қызметінің аймағында Кеден одағының кедендік шекарасын 7,5 млн.-нан астам жеке тұлға, 30,1 мың автобус, 58 мың жеңіл көлік, 113,3 мың жүк көлігі, 795 жолаушылар пойызы кесіп өтті», - деп нақтылады А. Тынысбеков.
ЕАЭО Кеден одағы - бірыңғай кедендік аумақты көздейтін Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Қазақстан, Арменияның сауда-экономикалық ықпалдасу нысаны.