2014 жылғы деректермен салыстырғанда, туристік ағын өсімі 47,1%-ды құраған. Жапонияға, әсіресе Қытайдың материктік бөлігінен туристер көптеп келеді. 2015 жылы олардың саны 4,9 млн адамды құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,5 миллионға көп. Жапонияға Тайваньнан 3,6 млн тұрғын, Гонконгтан 1,5 миллион тұрғын барған. 4 млн жуық туристер Корея Республикасынан келген, жылдық өсім - 45%.
Ведомствоның бағалауынша, өткен жылы шетелдік саяхатшылар Жапонияда 3,77 трлн иен ($31,6 млрд) жұмсаған.