2015 жылы Жердің солтүстігі күрт салқындайды - ғалымдар
04:17, 03 Шілде 2013
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең беделді зерттеу орталықтарының бірі саналатын Жапонияның теңіз зерттеулері бойынша ұлттық агенттігі 2015 жылға болжамын жасады.
Ғалымдардың пікірінше, жердің солтүстігі үш жылдан кейін күрт салқындауы мүмкін деп хабарлайды Росбалт.
Ғалымдар Гренланд теңіз суының соңғы 50 жылдағы су температурасы тербелісіне және ауа температурасына сараптама жасады. Олар ауаның кезекті жылыну циклі аяқталып, 2015 жылы солтүстік ғаламшарда салқындық орнайды деп болжауда.