«ҚазАқпарат» ХАА құжаттың толық мәтінін ұсынады
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы
2016 жылғы 19 шілде №210 Астана қаласы
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2016 - 2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдарында бөлу туралы
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабының 23-6) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2016 2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 18 маусымдағы № 354 қаулысын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшаға сәйкес, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2016 - 2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2016 - 2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2016 - 2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Д. Болатханұлы):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде төлнұсқасына толық сәйкес келетін оның графикалық форматтағы көшірмелерін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдауды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.МҰХАМЕДИҰЛЫ
ҚР Әділет министрлігінде 2016 жылдың 23 шілдесінде № 13972 тіркелді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2016 жылғы 19 шілдедегі №210 бұйрығының 1-қосымшасы мерзімді БАҚ-та жарияланады