Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің отырысынан кейін журналистерге ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
«Үкімет әрбір кәсіпорынға жеке-жеке көмек көрсетуден бас тартты. Біз жүйелі көмек пен қолдау жасаудың жаңа жүйесіне көштік. ДСҰ-ға енгеннен кейін, біз ауыл шаруашылығында да жалпыжүйелік қолдауға ауыстық. Өсімдік өсіру шаруашылығында біз биыл, мал шаруашылығында 2017 жылдың 1 қаңтарында көшеміз», - деп атап өтті министр.
Е.Досаевтің хабарлауынша, жүйелік қолдау ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту, ғылымды дамыту, инновацияларды енгізу бағытында көрініс таппақ.
Министрдің айтуынша, сонымен қатар «Нұрлы жол» қаражаттарымен қоса, 2016-2017 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы жоспарға Қазақстан Үкіметіне қосымша 1,994 триллион теңге бөлінді.