«Қыркүйек айында 2016 жылдың соңына дейін республикалық бюджет нақтыланады, яғни, 2015 жылы пайдаланылмаған қаржы есептеліп, өсу болжамы бекітіледі. Қосымша 144,5 млрд.теңге «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында инфрақұрылымдық жобаларды тез жүзеге асыру мен агроөнеркәсіптік кешеннің жобаларын қаржыландыруға жұмсалады», - деп хабарлады Қ.Бишімбаев.
Ұлттық экономика министрі мәлім еткендей, 2016 жылдың соңына қарай экономиканың дамуын қамту үшін «Нұрлы жол» бағдарламасы мен 2016 жылғы дағдарысқа қарсы шаралардың жоспарын қайта сүзгіден өткізу көзделіп отыр екен.