«2016-2018 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджет есебінен Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, және Ақтөбе облыстарын қамтитын барлығы 66 елді мекен, яғни 160 мың тұрғын газға қосылады»,-деп тоқталды М. Мырзағалиев.
Сонымен қатар ол 2016-2020 жылдар аралығында елімізді газдандыру жұмысына аталған екі бюджеттен басқа, ұлттық оператордың да қаражаты тартылатынын жеткізді. Нәтижесінде, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарын қамтитын барлығы 14 елді мекенді (270 мың тұрғынды) газбен қамтамасыз ету қарастырылған.
«Соңғы 10 жыл ішінде елімізде 130 жоба іске асырылып, соның арқасында бүгінде 1160 елді мекен газ құбырына қосылды. Жалпы, он алты аумақтың тоғызы табиғи газға қосылды нәтижесінде 7 миллионннан астам тұрғын газбен қамтамасыз етілді»,-деді М. Мырзағалиев.