«Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ең басты кезеңдерінің бірі 2016 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заңның қабылдануы болды. Атап өтерлігі, бұл заң Мемлекет басшысы жария еткен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-ші қадамын жүзеге асыру үшін қабылданған. Ол бұл реформаның кәсіби мемлекеттік аппарат құрумен байланысты бірінші бағыты аясында да қабылданып отыр»,- деді ол.
Ғ.Әдидің сөзінше, аталған Заң мемлекеттік қызмет пен жемқорлыққа қарсы тұру саласындағы өкілетті органдардың құзыретін күшейтеді. Мәселен, Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін министрлікте Жемқорлыққа қарсы саясат департамент құрылған. Ол бұл саладағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіріп, жаңа алдын алу шараларын әзірлейді әрі жүзеге асырады.