Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысы барысында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.
«Өкілдіктер бойынша біз барлық еншілес компаниялар өздерінің шетелдегі өкілдіктерін 1 ақпанға дейін жабады деп уағдаластық», - деді Ө.Шөкеев.
Қор басшысының атап өтуінше, барлық компанияларға ортақ Мәскеуде, Лондонда және Бейжіңде ғана өкілдіктер қалады.
«Демеушілікке қатысты айтар болсам, біз кеңес өткіздік. Біздіңше, көтерген бастамаларымыз 2016 жылдың 1 қаңтарынан пайдалануға дайын болады», - деп қосты ол.