"2016 жылдың басынан инфляция 7,5 пайызды құрады. Инфляциядағы негізгі салым азық-түлік тауарларының 7,8 пайызға қымбаттауынан болған.
Министрдің айтуынша, азық-түлік емес тауарлары 8,6 пайызға, ақылы қызметтердің құны 6 пайызға қымбаттаған.
"Жыл басынан бері жұмыссыздық деңгейі 5 пайыз көлемінде сақталды",-деп хабарлады Қ. Бишімбаев.