Бұл туралы бүгін «Цеснабанк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Дәурен Жақсыбеков пен Геннадий Головкиннің банк пен кәсіпқой боксшы арасындағы ынтымақтастықтың жаңа белесіне арналған бірлескен пресс-конференция аясында болды.
Боксшының өзі журналистердің сұрағына жауап бере отырып, тек С.Альвареспен жоспарланған жекпе-жекке қысқа түсініктеме берді.
«Жекпе-жек (С.Альвареспен) болады, 2016 жылдың қыркүйегіне жоспарланған», - деп жауап берді Г.Головкин.
Ал баспасөз мәслихатынан соң журналистердің сұрағына жауап берген Геннадий Головкиннің спорт менеджері Олег Германн GGG командасының 2016 жылғы болжамды жекпе-жектері туралы мәлімет берді.
«Генаның сәуір айындағы жекпе-жегі нақты кіммен өтеді деп айту маған қиынға соғып тұр. Геннадий Головкиннің IBF нұсқасы бойынша міндетті қарсыласы Уэйдпен, сондай-ақ, Сондерспен келіссөздер жүріп жатыр. Осы жылдың тағы бір мақсаты - қыркүйек айында үлкен мега жекпе-жек өткізу. Одан кейінгі жоспар - желтоқсан айында бір жекпе-жек өткізу. Бірақ, алдымен сәуір мен қыркүйектегі жекпе-жектер өтуі керек, желтоқсандағы жекпе-жек туралы соларға байланысты айтылады»,-деп түсіндірді О.Германн.