«Банктердің теңгемен ұзақ кредиттерді беруіне жағдай жасайтын макроэкономикалық орта қажет. Бұл Ұлттық банктің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Ұлттық банк кредиттеуге қолдау көрсету үшін инфляция деңгейін төмендету саясатын жалғастырады», - деді ол.
Банк төрағасының пайымынша, бұл теңгедегі ақша құнының арзандауына көмектеседі және кәсіпорындардың қажетіне ақша беруге мүмкіндік жасайды. Мұнан бөлек, Ұлттық банк банктік кредиттеуді белсенді ететін шараларды да ұсынуда.
«2016 жылғы шілде-тамызда инфляцияның жылдық көрсеткіші ең жоғары болды. Қыркүйекте инфляцияның аздап төмендеуін күтеміз. Негізгі бәсеңдеу қазан-қарашада болады. 2016 жылдың соңында жылдық инфляция 6-8 пайыздық дәлізге жақындайды»,- деді Д.Ақышев.