2016 жылдың желтоқсанында Қашаған алғашқы мұнайын береді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың соңында Қашаған кен орны алғашқы мұнайын шығарады. Кен орнындағы алғашқы мұнайдың көлемі 35 мың тоннаны құрамақ. Бұл туралы бүгiн халыққа есеп берiп жатқан ҚР Энергетика министрi Қанат Бозымбаев мәлім етті.

«Жоспар бойынша, Қашаған кен орнын 2016 жылдың соңында iске қоспақпыз. Желтоқсан айында Қашағанда алғашқы 35 мың тонна шамасында мұнай өндiрiледi», - дедi Қ.Бозымбаев. Министр атап өткендей, Қашағандағы мұнай және газ құбырларын ауыстыру және өндiрiстiк нысандарды дайындау кестеге сай жүріп жатыр.

Айта кетейiк, Астанада ҚР Энергетика министрi Қанат Бозымбаев халыққа есеп берiп жатыр. Ол министрлiктiң атқарған жұмысын баяндап, тұрғындарды алдағы жоспармен таныстырады.