2016 жылғы Әдебиет пен өнер саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығынан үміткерлерге конкурс жарияланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мем­лекет­тік сыйлығын беру жөніндегі комиссиясы 2016 жылғы Мемлекеттік сыйлыққа конкурс жариялайды.

Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газеті хабарлады.

Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақ­стан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы отандық мәдениетті дамытуға ерекше бағалы үлес деп танылған әдебиет пен өнер саласындағы аса үздік шығармалары үшін беріледі.

Конкурстық шығармаларды қа­былдау 2016 жылдың 1 наурызына дейін жүргізіледі.

Мемлекеттік сыйлыққа үміткер авторлар, олардың конкурсқа ұсынған еңбектерінің тізімдері және үміткерлерді ұсынып отырған ұйымдардың аттары ашық жариялылық түрде кеңінен талқылану мақсатында республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің Жарлығына сәйкес Мемлекеттік сыйлықты алуға жұмыстарды қабылдау аяқталғанға дейін бес жылдан әрі емес және кемінде бір жыл бұрын көпшілік айналым үшін орындалған бір автордың немесе авторлар ұжымының жұмыстары қабылданады.

Жұмыс Мемлекеттік сыйлыққа бір рет қана ұсыныла алады.

Бұрын Қазақстан Республикасы сый­лықтарына ие болған жұмыстар Мем­лекеттік сыйлық алу конкурсына жіберілмейді.

Қазақстан Республикасы Мемле­кеттік сыйлығы лауреатының жаңа жетістіктері болған ретте бұл сыйлық оған қайтадан, бірақ көрсетілген сыйлық осының алдында берілгеннен кем дегенде бес жылдан кейін берілуі мүмкін.

Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мем­ле­кеттік сыйлыққа ұсынылған ізденушілер ұжымы 5 адамнан аспауы тиіс.

Бір ізденушінің кандидатурасы Мем­лекеттік сыйлыққа екі және одан да көп жұмыстар бойынша ұсыныла алмайды.

Бір автор немесе авторлар ұжымы Мемлекеттік сыйлыққа қатарынан екі рет ұсыныла алмайды.

Тұлға мемлекеттік сыйлық алуға ұсын­ғаннан кейін қайтыс болған жағдайды қоспағанда, Мемлекеттік сыйлық қайтыс болғаннан кейін берілмейді.

Бұл жағдайда қайтыс болған лауреат­тың дипломы, төсбелгісі мен ақшалай сыйақысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұра бойынша беріледі.

Үміткерлердің кандидатураларын мемлекеттік органдардың алқалары, шығармашылық одақтар мен ұжымдар ұсынады.

2016 жылғы Әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі шешім Қазақстан Рес­пуб­ликасының Тәуелсіздігі күні қарсаң­ында республикалық баспасөз беттерінде жарияланады.

Ұсынылған еңбектерді тіркеу үшін мына құжаттар қажет:

1. Мемлекеттік органның немесе шығармашылық одақтың ұсынысы. 2. Жиналыс хаттамасы. 3. Шығармашылық мінездеме. 4. Үміткердің жеке іс қаға­зы. 5. 2 дана суреті (3х4). 6. 20 дана ұсы­нылған еңбек. 7. Тұлғаны растайтын құжаттың көшірмесі. 8. Шығарманың авторы және шығарма жөнінде қысқаша нақты мәлімет (мемлекеттік және ресми (орыс) тілдерінде).

6-шы пунктке байланысты түсінік­теме. Кітаптар, ноталық жазбалар, бейнелеу өнері туындыларының репродукциялары, сәулет өнерінің схема-сызбалары, ғимараттардың, кешендердің т.б. фотосуреттері, кинофильмдер мен спектакльдерден бейнетаспалар немесе фотокөріністер, концерттік қойылымдар мен орындаушылық өнердің бейне немесе аудио-таспалары 20 дана етіп ұсынылады.

Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылатын еңбектер және тиісті құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Орынбор көшесі, 8, «Ми­нистрліктер үйі», Қазақстан Респуб­лика­­сының Мәдениет және спорт ми­нистр­лігі, 15-кіреберіс, 5-қабат, 521-бөлме. Тел.: 8 (7172) 74-04-75.