2016 жылғы әлемнің ең қымбат қалаларының рейтингісі жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жылжымайтын мүлікпен айналысатын американдық Savills агенттігінің қызметкерлері әлемнің ең қымбат қалалары рейтингісін жариялады, деп хабарлады Информинг.ру.

Бұдан бұрын 2,5 жыл бойы көшбасшылықты Лондон бастаған болатын - ол өмір сүру үшін ең қымбат қала. Қазір Ұлыбритания астанасы үшінші орынға түсіп қалды.

Ал оның орнын Нью-Йорк басты. Онда тұру жылына 114 мың долларды құрайды. Жыл ішінде бұл цифр 2 пайызға артты.

Екінші орында - Гонконг. Бір адамға мұнда жылына 100 мың доллар қажет.

Үшінші орын жөнінде айттық - Лондон, Brexit-тен кейін онда шығындар 11 пайызға төмендеді.

Алғашқы бестікке сондай-ақ Токио мен Париж кіреді. Ал Ресей астанасы - Мәскеу осы жолы ең қымбат қалалардың ондығынан шығып қалды. Енді Мәскеу 15-ші орынға жайғасты.

Рейтингіні құрастыруда тұру құны, кеңселерді жалдау және коммуналдық қызметтер ескерілді. Бұл есептер қаржы саласы мен шығармашыл мамандарға бағдарланған. Сондықтан да қарапайым тұрғындар үшін бұның қажеті шамалы деуге болады.