2016 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстан Республикасында инфляция 6,2% құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстан Республикасында инфляция 6,2% құрады. Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы он айда (2016 жылғы қазан 2015 жылғы желтоқсанға) 5,7%, азық-түлік емес тауарларына - 7,6%, ақылы қызметтерге - 5,4%-ға өсті, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың басынан бері (2016 жылғы қазан 2015 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі шайға 33,3%, жармаларға - 29,6%, қантқа - 18,1%, нанға - 16,7%, қайта өңделген және консервіленген көкөністерге - 13,7%, кондитерлік өнімдерге - 13,2%, күнбағыс майына - 12,4%, салқындатылған сусындарға - 11,3%, макарон өнімдеріне - 10,7%, құс етіне - 10,4%, жеміс және көкөніс шырындарына - 9,8%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге - 8,6%, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға - 7,4%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі жаңа жиналған көкөністерге 24,6%, шикі сүтке - 6,2%, жұмыртқаға - 1,1%, картопқа - 0,9%-ға тіркелді.

Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 15,1%, кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына - 12,5%, жеке қолданатын тауарларға - 10,3%, тұрмыстық аспаптарға - 9,7%, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 9,6%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге - 8,7%, тоқыма бұйымдарына - 8,1%, автомобильдерге - 8%, киім және аяқ киімге - 7,5%-ды құрады. Дизель отыны 33,7%, баллондағы сұйытылған газ - 16,3%-ға қымбаттады.

Баға деңгейі денсаулық сақтау қызметтеріне 8,4%, білім беру - 6,5%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы - 5,6%, мейрамханалар мен қонақ үйлер - 5%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары - 3,8%-ға өсті. Жолаушылардың алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігімен жол жүру ақысы 11,8%, әуе көлігіне - 9,4%, ішкі қалалық қатынастарда автобуспен - 8,4%-ға жоғарылады.

Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер кәрізге 25,2%, суық суға - 12,2%, қоқыс шығаруға - 11%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға - 7,5%, орталықтан жылытуға - 7,3%, электр энергиясына - 6,1%, ыстық суға - 5,3%-ға өсті.