2016 жылғы қаңтарда ҚР ҰБ-ның валюта нарығында сату түріндегі өктемдігі $ 57,7 млн. құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық банкінің Төрағасы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында өткен баспасөз конференциясы барысында: «Ұлттық Банк валюта нарығына қатысуын барынша азайтты. Ұлттық Банктің 2016 жылғы қаңтарда валютаны сату түріндегі өктемділігі $57,7 млн. немесе сауда-саттықтың жалпы көлемінен 2,48% ($2 322,2 млн.) болды», - деп хабарлады.

Д. Ақышев: «Теңгенің айырбастау бағамының серпіні сыртқы сияқты ішкі факторлардың ықпалына қарай да айқындалады. Мәселен, жыл басынан бері мұнайдың әлемдік бағасы 8,2%-ға төмендеді, Ресей рублі де 6,6%-ға әлсіреді», - деп тағы бір рет түсіндірді.

Бұл жерде, теңге бағамына ішкі факторлар да, тұрғындар мен банктердің күтулері, бюджет қаражатының қозғалысы және салықтар төлеу кезеңдері де ықпалын тигізеді, деп жазылған ҚР ҰБ баспасөз хабарламасында.

«Қазіргі уақытта бағамның жуық арада айтарлықтай өзгеру ықтималдығы аз деп бағалаймыз. Қазақстанның төлем балансы тұрғысынан жағымсыз сценарийлер іске асырылып қойды», - деді Ақышев.