2016 жылдың зерттеу нәтижелері бойынша экономикалық қызмет түрлерінде еңбекақы төлеуі қызметкерлердің кәсіптер топтары арасында жіктелуі сақталады. Басшылар санатына жататын қызметкерлердің орташа жалақысы біліктілік деңгейі жоғарғы мамандардың жалақысынан 2,0 есе, біліктілік деңгейі орта мамандардың жалақысынан 2,6 есе және біліктілігі жоқ жұмысшылар жалақысынан 4,4 есеге көп.
Ең жоғарғы жалақы шикі мұнайды және табиғи газды өндіру саласында жұмыспен қамтылған ұйымдардың басшыларында 1 118 мың теңге тіркелді, бұл көмір және лигнит өндіру саласындағы басшылардың орташа алатын жалақысынан 4,2 есе және құрылыс саласындағыдан 3 есе жоғары. Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру саласындағы біліктілігі жоғары және орта мамандарында жоғары жалақы 571 мың теңге, және 482 мың теңге алғанын атап өткен жөн.
Экономикалық қызмет түрлері және қызметкерлердің кәсіптері бөлінісінде еңбекақы төлеуі айтарлықтай айырмашылық сақтауда. Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру кәсіпорындарында техникалық қадағалау жөніндегі инженер, бұрғылау жөніндегі инженер (бұрғылау жұмыстары) және ұңғымаларды бекіту жөніндегі инженер жоғары жалақы алады (832 1 016 мың теңге). 295 мың теңге жалақыны мұнай өндеу өнімдерін өндіру саласындағы қызметкерлер, ал 297 мың теңге жалақыны әуе көлігі саласындағы қызметкерлер алды.
Құрылыс саласында жоғары деңгейлі білікті мамандар арасынан ең жоғары жалақыны құрылыстағы менеджерлер (308 мың теңге), ал біліктілік деңгейі бар мамандардан қаптаушы-мраморшы (282 мың теңге) алды.
Ауыл шаруашылығы саласында біліктілігі бар мамандар арасынан ең жоғары жалақыны шаруашылық өндірісінің тракторшы-машинистері (166 мың теңге), тракторшы (147 мың теңге), ал төменгі жалақыны феремерлер мен қырықтықшылар және күзетшілер 27 41 мың теңге көлемінде алып отырған.
Негізгі кәсіптер және қызметтер топтары бойынша әйелдердің жалақысы еркектердің жалақысына қарағанда төмен болды. Ұйымдардың басшылары лауазымында жұмыс істейтін еркектердің жалақысы - 540 мың теңге, аудармашыда - 282 мың теңге, экономисте - 202 мың тенге, есепшінікі - 167 мың теңге болды. Бұл әйелдердің орташа жалақысынан 1,1-2,2 есе жоғары.
2016 жылғы қыркүйекте Алматы қаласы және Атырау облысында ұйым басшыларында ең жоғары жалақылар қалыптасып, 920 мың теңге және 716 мың теңгені құрады. Ең аз төленетін қызмет Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, және Алматы облыстарында болды. Мұнда басшылар 226 мың теңгеден 253 мың теңгеге дейін алды. Республиканың өңірлері бойынша ұйым басшылары жалақысының ең жоғарғысы мен оның ең төменгі мәнінің арасындағы айырмашылық 4,1 есені құрады.
Экономистің жоғары жалақысы Астана қаласы мен Атырау облысында байқалды, олардың жалақысы тиісінше 251 мың және 248 мың теңге. Ал төменгі жалақы - Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында 94-104 мың теңге. Дәрігердің жалақысындағы көлем деңгейінде айырмашылық бар, мәселен, Астана қаласында - 175 мың теңге, ал Қарағанды облысында - 129 мың теңге.
Ел бойынша жоғары оқу орнындағы мұғалімнің жалақысы орташа 133 мың теңге болды. Оның өңірлер арасындағы айырмашылығы 1,7 есені құрайды. Арнаулы білім беру жүйесінде оқытушылардың айлығы 109 мың теңге, тәрбиешіде 75 мың теңге болып отыр.