2016 жылғы Олимпиадаға Қазақстан дзюдошылары жолдамалардың толық жиынтығымен баруға талпынып отырғандығына тоқталған ол, «Ең басты мақсат - Олимпиадаға тек жолдама алу ғана емес, сонымен қатар үлкен жетістіктерге жетіп, кем дегенде бір «алтын» медаль алсақ деген үміт бар», - деді.
Осы орайда Марат Мықтыбеков 2016 жылы өтетiн Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қазіргі кезде федерация тарапынан тиісті дайындық жұмыстары жүріп жатқандығын, оқу-жаттығу шараларына айрықша мән беріліп отырғандығын атап өтті.
Айта кетейік, биылғы жазда Қазақстанда Дзюдо күресінен ересектер арасындағы Әлем чемпионаты өтеді. Атап айтқанда тамыздың 25-і мен 30-ы аралығында елордаға әлемдегі ең танымал спортшылар жиналады. Чемпионатқа әлемнің 100-ден астам елі қатысады деп күтілуде.