Барлығы 36 тиын дайындалған. Олардың 4 алтын, 16 күміс және 16 мыс-никель қорытпасынан жасалған.
Футболдан әлем чемпионатына арналған ескерткіш монеталарға қарағанда, «олимпиадалық топтаманы» шығару 4 кезеңге: 2014 жылғы тамыз, 2015 жылғы ақпан, 2015 жылғы тамыз және 2016 жылғы ақпанға бөлінеді. Әр кезеңде 10 реал номиналындағы 1 алтын монета, 5 реал номиналындағы 4 күміс және 1 реал номиналындағы 4 мыс-никель қорытпасынан жасалған тиын айналымға шығады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.