Азық-түлік тауарлары 0,7%-ға (0,3%-ға өсу), азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 0,8%-ға (0,2%-ға өсу) қымбаттады. Ал ақылы қызмет көрсету тарифтері 0,4%-ға (0,1%-ға төмендеу) өсті.
Азық-түлік тауарлары нарығында 2016 жылғы сәуірде көбінесе орамжапырақтың бағасы 34,1%-ға, жарма - 6,5%-ға, шай - 4,4%-ға, нан - 1,9%-ға, макарон өнімдері - 1,2%-ға қымбаттады.
Ал ақылы қызметтер тобында тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің ақысы 0,5%-ға өсті, оның ішінде қоқыс жинау тарифтері 4,7%-ға, суық су - 3,5%-ға, тұрғын үйді ұстау - 1,6%-ға көтерілді. Амбулаторлық қызметтер - 1,4%-ға, білім беру қызметі - 0,9%-ға қымбаттады.
«2016 жылғы қаңтар-сәуірде инфляция 3,6% (2015 жылғы қаңтар-сәуірде - 1,2%) болды. Жылдың басынан бастап, азық-түлік тауарларының бағасы 3,9%-ға (1,9%-ға өсу), азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 3,5%-ға (0,4%-ға төмендеу), ақылы қызмет көрсету - 3,5%-ға (2,0%-ға өсу) өсті», - делінген хабарламада.