Жазғы Олимпиадалық ойындар 5-21 тамызда Рио-де-Жанейрода өтеді. Рәсімнен кейін Гера шіркеуінде олимпиадалық алау эстафетасы басталады. Ол бірінші күндері Грекия аумағында өтеді, 27 сәуірде Рио-2016 ұйымдастыру комитетінің делегациясына табысталады.
Дәстүр бойынша эстфетаны грекиялық спортшы бастайды. Осы жолы алауды спорт гимнастикасы бойынша 2015 жылғы әлем чемпионы 25 жастағы Элефтериос Петруниас ұстап шығады. Эстафетаның өз кезеңінен соң ол ескерткіш алдында алауды бразилиялық волейбол бойынша екі дүркін әлем чемпионы Джоване Гавиоға табыстайды. Грекияда алауды елде тағдырының шешілуін күтіп отырған мыңдаған босқындардың бірі алып өтеді.
Бразилияда эстафета ел астанасында 3 мамырда басталады. Ойындар жүретін ел аумағында алауды 12 мың адам алып өтеді. Эстафета Рио-до-Жайнерода 5 сәуірде Олимпиада ашылатын күні Маракана стадионында аяқталады. Олимпиада ойындарының бас рәмізі стадионда 21 тамызда ойын аяқталғанға дейін жанып тұрады.
22:17, 21 Сәуір 2016
2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының алауы жағылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы XXXI жазғы Олимпиада ойындарының алауын жағу рәсімі Ежелгі Олимпияда өтті, деп хабарлады РИА Новости.