«2016 жылы шамамен 900 шақырым республикалық маңызы бар көлік жолдарын салу және жаңғырту жоспарланған. Оның ішінде Алматы-Шу учаскесінде екінші темір жол құрылысына 8 млрд. теңге, Құрық портында паромдық өткел салуға 4 млрд. теңге жұмсалады»,- деді ол.
Сонымен қатар министрдің айтуынша, жылу, сумен жабдықтау және су тарту жүйесін жаңғыртуға бюджеттік кредиттеу арқылы 16,6 млрд. теңге бөлу жоспарланған.
«Жалпы, 2016-2017 жылдары инженерлік желілердің 1 184 шақырымы, оның ішінде жылумен жабдықтаудың 92 шақырым, сумен жабдықтау жүйесінің 816 шақырым және су тарту жүйесінің 276 шақырымын салу және жаңғырту жоспарда бар», - деді Қ.Бишімбаев.