Ең көп журналист қаза болған ел өткен жылдағыдай Сирия болып отыр. Бұл елде 19 тілші мерт болған. Ауғанстанда - 10, Мексикада - 9, Иракта - 7, Йеменде 5 журналист көз жұмды.
Құқық қорғау ұйымы өкілдерінің мәліметтерінше, 2016 жылы қаза болған тілшілердің 9-ы блогер, 8-і бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеп жүрген азаматтар болатын.
«Журналистерге қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері күн өткен сайын әдейі ойластырылатын болып бара жатыр»,-деді Кристоф Делуар ұйымының бас хатшысы.
«Олардың көпшілігі сол журналист болғандары үшін өлтірілгені айдан анық»,-деп қосты ол.
2015 жылмен салыстырғанда қаза болған журналистер саны едәуір қысқарған. Алдындағы жылы 101 тілшінің қаза болғаны туралы айтылған еді.
Фото: pixabay.com