«Қазақ ұлттық Хореографиялық академиясы ғимаратының құрылысы басталды. Атап айтқанда ЭКСПО қалашығы маңынанан 10 гектар жерде оның құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл академияның ашылуы 2016 жылдың сәуір айына жоспарланып отыр», - деді ведомство басшысы.
Осы орайда ол бұл академия Орталық Азиядағы ең үлкен оқу ордасы болатынын атап өтті.
Министрдің айтуынша, 2016 жылдың мамырынан Хореографиялық академияда оқушылар қабылданып, қыркүйектен бастап онда тәлім беру жұмыстары жүзеге асырылады.