«2015 жылы ескі 30 үйдің бүгінгі таңда 14-і ғана бұзылды, қалған 16 үйді 2016 жылы бұзылады»,-деп хабарлады әкім.
Е.Бөлекбаев хабарлағандай, ауданда «Аулаларды кешенді абаттандыру» бағдарламасы аясында асфальтты-бетонды төсеме ауыстыру, жаяу жүргіншілер жолдарын, сәнді қоршауы бар гүлзарларды, спорт және кір жаятын орындарды абаттандыру, әр жастағы балаларға арналған қауіпсіз кіші сәулет формаларын орнату жүргізілуде.
«2015 жылы 62 үйді қамтитын 27 аула абаттандырылды. Оның ішінде 21 517 ш.м. асфальтты-бетонды төсеме ауыстырылды, 36 балалар және 11 спорт алаңы абаттандырылды, 419 қоқыс жәшіктері, 389 орындық, 30 күрке орнатылып, 38 кір жаятын орын және 378 автокөлікке арналған автотұрақ орындары абаттандырылды. Сонымен қатар, абаттандыру алдында бұл жерлерден 110 темір гараж және 5 сауда павильондары шығарылды»,-деді әкім.
Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласы, «Алматы» ауданының жалпы аумағы 21 054 гектар жерді құрайды. Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштерінің ақпаратына сәйкес 2015 жылдың 1 желтоқсанына аудан халқының саны былтырғы жылмен салыстырғанда 1 пайызға өсіп, 381 527 адамды құрады.