«Мемлекет басшысының 20 тамыз күні Үкіметке берген тапсырмасы бойынша 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық азаматтық қызметкерлердің жалақы жүйесі толығымен өзгертіледі. 2016 жылы 1 қаңтардан бастап барлық мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысы 28 пайызға жоғарлатылады. Соның ішінде медицина қызметкерлері де бар», - деп атап өтті министр.
00:05, 25 Қараша 2015
2016 жылы барлық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысы 28 пайызға жоғарлатылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы 1 қаңтардан бастап барлық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысы 28 пайызға жоғарлатылады. Бұл туралы zakon.kz порталындағы «Министрге сауал қою» акциясы барысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.