Мекеменің хабарлауынша, INES ядролық оқиғалардың жетібалдық халықаралық бағаны бойынша барлық оқиғалар бірінші деңгейдегі ақаулар (салдары жоқ техникалық себептер) ретінде бағаланды. Бұл ретте, өткен жылдармен салыстырғанда оқыс оқиғалардың азайғаны атап өтілуде.
2015 жылы елде 16 оқиға тіркелген, оның екеуі екінші деңгейлі ақау (қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары елеулі түрде бұзылған оқиғалар) ретінде белгіленді, 2014 жылы - 18 оқиға (төртеуі екінші деңгейлі), 2013 жылы - 18 және 2012 жылы 16 факті (екеуі екінші деңгейлі) болған.
Атап өткен жөн, атом электр стансыларындағы ядролық оқиғаларды бағалау үшін (INES - International Nuclear Event Scale) Ядролық оқиғалардың халықаралық бағаны қолданылады. INES бағанында жеті деңгей бар. Бірден үшінші деңгейге дейін - оқиғалар, одан жоғарылар апаттар болып саналады. Бүгінгі күнге дейін екі оқиға ғана жетінші деңгейлі апаттар ретінде тіркелді: 1986 жылы Украинаның Чернобыль АЭС-інде болған апат және 2011 жылы Жапонияның Фукусима АЭС-індегі апат.