2016 жылы Еуропа үздігі атануға үміткер автомобильдер тізімі жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Еуропадағы жыл автомобилі» байқауының ұйымдастырушылары 2016 жылы үздік атануға үміткер көліктердің тізімін жариялады, деп хабарлайды carscope.ru.

Жалпы, тізімге 40 жаңа көлік модельдері енген, олар осы жылдың соңына дейін сатылымға шығады. Сонымен, «Car of the Year 2016» еуропалық байқауына үміткер көліктер тізімінде Alfa Romeo Giulia, Audi A4, BMW 7 Series, Fiat Aegea, Ferrari 488 GTB, Ford S-MAX/Galaxy, Honda HR-V, Honda Jazz, Hyundai Tucson, Infiniti Q30, Jaguar XE, Jaguar XF, Kia Optima т.с.с. бар. Сондай-ақ Land Rover Discovery Sport, Mazda2, Mercedes-Benz GLC/GLC Coup, Opel/Vauxhall Astra, Renault Espace, Skoda Superb, Suzuki Vitara, Volkswagen Touran, Toyota Mirai да өз бақтарын сынап көрмек.

Байқау жеңімпазы Женева автосалоны қарсаңында - 2016 жылдың 29 ақпанында белгілі болады.

Айта кетейік, сегізінші буындағы Volkswagen Passat 2015 жылы Еуропадағы жыл автомобилі атанды, екінші және үшінші орындар Citroen C4 Cactus пен Mercedes-Benz C-Class бұйырды.