2016 жылы ғарышқа зымыран-тасығыштардың 23 түрі ұшырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлем елдерінің ғарыш қызметіне жасалған шолуда  2016 жылғы статистика келтірілген.

Мәлім болғандай, былтыр ғарыш аппараттарын ұшыру кезінде зымыран-тасығыштардың 23 түрі қолданылған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ресейлік «Союз» зымырандары ең жиі ұшырылған (14 рет).

Екінші-төртінші орындарға қытайлық «Чанчжэн-3A», америкалық Atlas V және SpaceX компаниясының Falcon-9 зымырандары орналасты. 2016 жылы бұл тасығыштар 8 рет ұшырылған, делінген шолуда.

Одан кейінгі орын еуропалық Ariane-5 зымыранына тиесілі - 7 ұшырылым.

«Ресейлік «Протон-М» 2016 жылы небәрі үш-ақ рет ұшырылғаны назар аудартады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда өте аз», - деп жазылған шолуда.