«Полиция қызметкерлері отандық кәсіпорындардың және қазақстандық банк клинеттерінің есепшотынан ақша қаражатын ұрлаумен айналысқан 20 адамнан тұратын хакерлік топтың әрекетін тыюға бағытталған операция жүргізді. Аталған қылмыстық топтың ұйымдастырушысы мен барлық қатысушыларының мүліктері тәркіленіп, түрлі мерзімге сотталды», - деп жазды Алмас Садубаев.
Оның айтуынша, қылмыстық топ шамамен 60 млн. теңгені қолды қылған.
«Қаржы институтарының есепшотынан ақша қаражаттарын ұрлаған хакерлердің іс-әрекеті ҚР ҚК 188 бабы, 2 тармағы 4 тармақшасына сәйкес жіктеледі. 2016 жылы аталған бап бойынша 36 факті тіркелген болатын», - деді ол.