АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнай бағасы барреліне 30 доллардан төмен болса, онда 2016 жылы Қазақстанда мұнай өндіру деңгейі 77 млн тоннадан 74 млн тоннаға дейін төмендеуі ықтимал. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті.
«Егер де мұнай бағасы барреліне 30 доллардан төмен болса, өндірілетін мұнай деңгейі 74 млн тонна көлемінде қарастырылуы мүмкін. Кен орнын пайдаланушылар өздерінің қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, осындай шешім қабылдауы ықтимал», - деді вице-министр.
Оның сөзіне қарағанда, 2016 жылы барреліне 40 доллар баға белгіленгенін ескере отырып, 77 млн тонна мұнай өндіру жоспарланды. Егер де баға әрі төмендесе, осы орайда бұрғылау жұмыстарының көлемі мен ұңғымаларды күрделі жөндеу шаралары да азаяды.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.